Дәмнің бұзылуы, жұтынудың қиындауы және тілдің ауыруы (немесе қышуы) әйелдердегі темірдің жетіспеушілігінің жасырын белгілері болуы мүмкін. Бұл туралы ұлыбританиялық дәрігер Авинаш Хари Нараянан айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Daily Mail" сілтеме жасап.
Темір тапшылығы анемиясы - ағзадағы темірдің жетіспеушілігі эритроциттер санының төмендеуіне әкеп соқтыратын жағдай. Эритроциттер (қызыл қан жасушалары) гемоглобинді тасымалдайды және тіндер мен ағзалардың метаболикалық процестеріне жауап береді.
Ағзадағы темір қорының сарқылуы әл-ауқаттың нашарлауына әкеліп, жүрек ауруы, ауыр инфекциялар және бүйрек жеткіліксіздігі қаупін арттырады.
Авинаш Хари Нараянан айтуынша, әйелдерде темір тапшылығы анемиясы ер адамдарға қарағанда екі есе көп. Сонымен қатар, әйелдерде түрлі патология белгілері пайда болуы мүмкін (әлсіздік, бозару, жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы, құлақтың шуылы, шаштың түсуі, ауыз қуысының жарасы, ентігу).
Дәрігер әйел ағзасында темір жетіспесе, жұтынудың қиындауы және тілдің ауыруы (немесе қышуы), сондай-ақ дәмнің өзгеруі мүмкін екенін түсіндірді. Әл-ауқаттың өзгеруіне жас және жүкті әйелдерге мұқият қарау керек, өйткені оларда темір тапшылығы анемиясының даму қаупі жоғары.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақ ертегілерінің қандай кейіпкерлерін білесіңдер?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!