Әйелдердің қандай зиянды әдеті түсік болу қаупін арттырады? Бұл жайлы хирург Александр Умнов NEWS.ru-ге айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Хирург темекі тарту әйел денсаулығы үшін өте зиян екенін айтты
"Темекі тарту аналық безде мутация тудырады, соның салдарынан жүкті болу қиындай түсінеді. Оған қоса, никотин жатырды қанмен қамтамасыз ететін қан тамырларды, әсіресе, қылтамырларды тарылтады. Соның салдарынан ұрық қажетті қоректік заттарды алмайды, бұл түсікке әкелуі мүмкін", - деді Александр Умнов.
Дәрігердің айтунша, әйелдер бедеулігінің және балалардың ауыр патологиялармен дүниеге келуінің тағы бір себебі – ішімдікке салыну. Спирттік сусындар ағзадағы гормонды тепе-теңдікті бұзады, сондықтан жатырда эндометрия өзгерісі болады. Бұл өз кезегінде әйелдің бала көтеру қабілетіне әсер етеді. Сондай-ақ этил спирті аналық безді зақымдайды. Яғни, әйел бала көтере алмауы да мүмкін.
Жүктілік кезінде УДЗ – УЗИ бірнеше рет жасау зиян ба?
Тағы да оқи отырыңыз: "Әлі көтермедің бе?" Баласы жоқ адамдарға мына сөздерді айтпаңыз