- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер аязда жылынуға...
Дәрігер аязда жылынуға көмектесетін 4 әдісті ұсынды
Кей адамдар аязда жылынудың ең оңай тәсілі – алкоголь ішу деп ойлайды. Дәрігерлер спирт суық далада жылдам жылынуға көмектескенімен, бұл сезімнің жылдам кетіп қалатынын жиі ескертіп айтады. Тіпті, жағдайыңыз нашарлап кетуі мүмкін, себебі қан тамырлар кеңейеді, жылу бергіштік артады, адам одан сайын тоңады. Ендеше, суықта қалай жылынуға болады? Дәрігер Илья Тарасов аязда жылынуға көмектесетін 4 әдісті ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Дәрігер Илья Тарасовтың айтуынша, суықтың басты жауы – жақсы қанайналым. Оны жақсарту үшін далаға шығар алдында аздап жаттығу жасауға болады. Ол еңкею, қол мен аяқты қозғау, отырып тұру жаттығулары болуы мүмкін.
"Жақсы қанайналым адамды суыққа төзімді етеді. Бірақ бастысы, терлеп кетпеу керек. Әйтпесе, бәрі бекер болады, сіз ауырып қалуыңыз мүмкін", - деп ескертті дәрігер.
Ал егер далада жүрсеңіз және тоңып қалсаңыз не істеуге болады? Маман мына төрт әдісті ұсынды:
- Егер тоңып қалсаңыз, бірақ әлі ұзақ жүруіңіз керек болса, жылдам жүруге тырысыңыз және керісінше, баяу демалыңыз. Бұл сізге жылуды сақтауға көмектеседі.
- Спортшы секілді тыныс алыңыз. Тынысты мұрын арқылы алып, ауыз арқылы шығарыңыз.
- Егер қолыңыз бен аяғыңыз тоңып қалса, мынаны есте сақтаңыз: жылу қан жүгірген жерде болады. Қанайналымды жақсарту үшін қол және аяқ буынымен жұмыс істеңіз.
- Егер сонда да жылына алмасаңыз, мынадай тыныс алу жаттығуын жасап көрсеңіз болады. Мұрын арқылы жайлап бір рет тыныс алыңыз да, үш рет қысқа тыныс шығарыңыз. Бұл жаттығу қанды оттекпен қанықтыруға және тыныс бұлшықеттеріндегі қанайналымды жылдамдатуға көмектеседі.
Оқи отырыңыз: Аяздың ағзаға пайдасы бар ма?
А. Жапатова