- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер анемияны емдеу...
Дәрігер анемияны емдеу үшін сиыр бауырын жеуге кеңес берді
Эндокринолог Екатерина Янг көптеген ауру түрінде анемия дамитынын және біршама уақытқа дейін белгісі болмайтынын айтты. Сондықтан дәрігер Telegram-арнасында қан аздықты емдеу кезінде тұтыну керек өнімдерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігер бірінші кезекте ет пен ет өнімдерін, соның ішінде шошқа мен сиыр бауырын, сиыр тілін, қоян етін, күркетауықты, бұзау етін жеуге шақырды, өйткені олар ферритин мен трансферритин синтезіне қажетті ақуызға бай. Сондай-ақ ол ет құрамында темірді жақсы сіңіру үшін қажетті В дәрумендері бар екенін айтты.
Дәрігер анемиямен ауыратын адамдар диетасына темір, мыс және С дәруменіне бай қара жапырақты жасылдарды қосуды ұсынды.
Оған қоса, эндокринолог қырыққабат түрлері де антиоксиданттар мен С дәруменіне бай екенін алға тартты. Бұл микроэлементтер темірдің сіңуін жақсартады және оның ағза жасушаларына енуін жеңілдетеді. Цитрус жемістері мен лимон шырыны оның сіңуіне көмектеседі.
Сонымен қатар Екатерина Янг темірге бай теңіз өнімдерін жеуге кеңес берді, мысалы, жүз грамм мидияда шамамен жеті грамм осы қоректік зат бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә