Дәрігер Айжан Қалдыбекқызы ағзаға қорек емес, у болып түсетін өнімдерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігер бұл туралы өзінің инстаграм-парақшасында айтты.
Майонез, кетчуп
Майонезді көп тұтынсаңыз, ағзада холестерин деңгейі көтеріліп, семіздікке алып келуі мүмкін. Ал кетчуптің құрамындағы сапасыз натрий қан қысымын көтеріп, жүрек-қан тамырлар ауруларына әкелуі мүмкін.
Қытырлақ картоп (чипсы)
Дүкенде сатылатын қытырлақ картоп қандағы холестеринді көбейтеді. Ол атеросклероз, жүрек-қан тамырлар аурулары, инфаркт, инсульт және түрлі қатерлі ісіктерге шалдығуға әсер етеді.
Тәттілер
Аллергия, демікпе, тісжегі, семіздік, асқорыту проблемалары, денеге және бетке шығатын түрлі безеулер - мұның бәрі дүкендегі химиялық қоспалары бар тәттілердің әсерінен пайда болады.
Консервіленген өнімдер
Ал консервіленген өнімдер біздің бет, дене теріміздің сапасын нашарлатады және құрғатады. Тері, буындарды байланыстырып тұратын тіндерді бұзады, яғни қартаюды жылдамдатады.
Тез дайындалатын макарондар
Тез дайындалатын макарондар семіруге, бауырды және басқа да органдарды май басуына алып келеді. Ол дегеніміз екінші типтегі диабетті асқындырады, асқорыту жолдарының проблемасын туғызады.