- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер ағарған шашты...
Дәрігер ағарған шашты көбейтетін азық-түліктерді атады
Тәтті, майлы және қуырылған тағамдар ағарған шаштың көбеюіне түрткі болуы мүмкін. Бұл туралы диетолог Елена Соломатина айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Москва 24" сілтеме жасап.
Оның айтуынша, мұндай тағам тотығу стрессіне және бос радикалдар деңгейінің жоғарылауына ықпал етеді.
"Мұндай өнімдер біздің шаш фолликулаларымызға теріс әсер етеді және олардағы меланиннің өтуін нашарлатады. Салдарынан ол шашты бояй алмай, ағарады", - деп түсіндірді Елена Соломатина.
Дәрігер тәтті, майлы және қуырылған тағамдар жалпы ағзаны қартайтатынын жеткізді, сондықтан маман осы тағамдарды тұтынуды шектеуді ұсынады.
Бұдан бөлек, шаштың ерте жаста ағаруының салдаруы болуы мүмкін. Ең негізгілері гормоналды бұзылыстар (қалқанша безі, гипофиз жұмысының бұзылуы); ас қорыту жүйесінің аурулары; аутоиммунды аурулар; мырыш, мыс, темір, кальций, В дәрумендері мен микроэлементтердің жетіспеушілігі; жүктілік және лактация; стресс және созылмалы ауырсыну синдромы.
Айта кетейік, бұған дейін шаштың неліктен ағаратыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Cелекция ғылымы нені зерттейді?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә