- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер адамның дауысына...
Дәрігер адамның дауысына қарап диабетті анықтауға болатынын айтты
Әдетте, диабетті адам шөлдей және шаршай беретініне шағымдана бастағанда білуге болады. Себебі бүйректер үздіксіз артық қантты шығаруға мәжбүр. Ал ол үшін сұйықтық керек. Алайда тағы бір белгі бар. Ол жайлы эндокринолог Зухра Павлова айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Аif.ru-ге сілтеме жасап.
Дәрігер канадалық ғалымдардың жақында жүргізген зерттеуі жайлы айтты. Зерттеуге 267 еркек пен әйел қатысқан. Үштен бір бөлігінен көбінде екінші типті қант диабеті болған. Науқастар екі апта бойы смартфондағы арнайы қосымшаға 6 рет бір сөйлемді жазған: "Сәлем! Қалайсың? Менің глюкоза деңгейім қалай?". Содан соң жазбаларға жасанды интеллект көмегімен 14 сипаттама бойынша анализ жасаған. Сау адамдар мен диабетпен ауыратын адамдардың дауысының қаттылығы, биіктігі, тембрі әртүрлі екені анықталған. Сондай-ақ адамның жынысына қарай да айырмашылық байқалған. Бағдарламаны диабет диагнозын адам дауысының өзгеруіне қарай анықтауға "үйреткен". Диагнозды анықтау дәлдігі ерлер үшін - 86%, әйелдер үшін 89%-ды құраған.
Диабет кезінде дауыс қалай өзгереді?
Ерлердің дауысы қатты дірілдей бастайды. Ал әйелдерде дауыс биіктігі өзгереді, дауыс үні төмен болады. Барлық дерлік диабетпен ауыратын адамдардың дауысы қарлыққан болады, кейде тіпті дауыстары шықпай қалады.
Көп мөлшердегі қант байламдарды бұзады
Ғалымдар глюкозаның көп мөлшері дауыс байламдарының иілгіш қасиеттеріне әсер етіп, жүйке талшықтарын зақымдайды деп болжады. Егер ілеспе аурулар болса, мысалы, депрессия, онда дауыс одан сайын өзгереді.
"Әрине, дауысыңыз қарлықса, өз-өзіңізге диагноз қоюдың қажеті жоқ. Мұндай өзгерістің себебі көп және оның нақты себебін тек дәрігер анықтай алады. Алайда екінші типті диабет белгілерінің қатарына тағы бір белгі қосылды", - дейді Зухра Павлова.
Оқи отырыңыз: Қант диабетінің алғашқы белгілері қандай?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова