Дәрігер адам өмірін 11 жылға ұзартатын кеңес ұсынды

Дәрігер адам өмірін 11 жылға ұзартатын кеңес ұсынды
Фото: depositphotos.com

Медицина ғылымдарының докторы, ресейлік эндокринолог Зухра Павлова күнделікті қалыпты қарқынмен жаяу серуендеу адам өмірін 11 жылға ұзартатынын айтты. Ол бұл тұжырымын америкалық ғалымдардың зерттеулеріне сүйеніп мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Павлованың айтуынша, сағатына кемінде 4,8 шақырымды қалыпты қарқынмен жүру керек. Мұндай серуендердің ұзақтығы күніне кемінде екі сағат болуы керек.

Эндокринолог жаяу жүруді денсаулықты сақтаудың ең қолжетімді және сонымен бірге жағымды тәсілдерінің бірі деп атады. Дәрігер жаяу жүру, кез келген басқа қалыпты физикалық белсенділік сияқты, жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтуға, бұлшықеттерді нығайтуға және қалыпты салмақты сақтауға көмектесетінін атап өтті. Сонымен қатар дәрігер атап өткендей, тұрақты серуендеу арқадағы ауырсынуды және стресті жеңілдету үшін пайдалы.

"Егер күнде отырып жұмыс істейтін адам осы әдісті ұстанатын болса, 11 жылға ұзағырақ өмір сүрер еді. Ал орташа өмір сүру ұзақтығы бес жылға ұзарар еді - 78,6 жастан 84 жасқа дейін", - деп атап өтті Павлова.

Еске салайық, бұған дейін адамның тез қартаюына ықпал ететін тағам түрлері жайлы жазған едік. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Литпин