60 жастан асқан адамдар ботқа тұтынбағаны абзал, өйткені олар артық салмақтың жиналуы мен қандағы глюкоза деңгейін көтеруі мүмкін. Бұл туралы нутрициолог Евгений Арзамасцев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "m24.ru" сілтеме жасап.
Маман ботқаның калориясы әдетте жоғары болатынын еске салды, сондықтан физикалық белсенділігі төмен немесе салмақ қосуға бейім егде жастағы адамдар бірнеше келіге семіруі мүмкін.
Сонымен қатар, дәрігер ыстық су құйса, бірнеше минутта дайын болатын ботқаларды да тұтынудан бас тартуға шақырды, өйткені оларда дәрумен, талшық секілді пайдалы зат жоқ.
"Олар көмірсу алмасуын бұзады немесе егде жастағы адамдар жиі зардап шегетін инсулинге төзімділік немесе қант диабетінің жағдайын нашарлатуы мүмкін", - деді Евгений Арзамасцев.
Егде жастағы адамдарға қарақұмық, булгур, кускус, жабайы күріш және тарыдан ботқа дайындап, жеуге рұқсат.
Айта кетейік, бұған дейін егде жастағы адамдарда сүйек сыну қаупін төмендететін тағамдар тізімі хабарланған болатын.
Адам остеопорозға шалдықса, сүйектің минералды тығыздығы төмендеп, олар нәзік әрі жұқа болады, тіпті жеңіл соққыға да төтеп бере алмай, сүйек сынуы мүмкін. Ал егер жамбас мойын, кәрі жілік және омыртқа сынса, соңы мүгедектікпен аяқталу ықтималдығы жоғары. Сондықтан, ағзада кальций мөлшері жеткілікті болуы үшін сүт өнімдерін көбірек тұтынуға болады.
Сонымен қатар, кальций брокколи, салат жапырақтары секілді көкөністер, жаңғақ, дән және бұршақ дақылдарында көп. Алайда кальций Д дәруменісіз ағзада сіңірілмейтіндіктен, кальций мөлшері жеткілікті болғанымен Д дәрумені тапшы болса, ешқандай нәтиже бермейді.
Ал Д дәрумені ақсерсе, майшабақ секілді майлы балықта, жұмыртқаның сарысында бар. Ет, балық, жұмыртқа, сүт өнімдері, бұршақ және жаңғақтар сияқты ақуызға бай тағамдарды бірге тұтыну керек.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!