Ресейлік эндокринолог Екатерина Янг 50 жастан асқан адамдарға тұтыну керек тағам түрлерін тізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі дәрігердің телеграм арнасындағы жазбасына сілтеме жасап.
Эндокринолог Екатерина Янг 50 жастан асқан адамдарға қарапайым көмірсулар мен қантты тұтынуды шектеп, диетаны мүмкіндігінше әртараптандыруға кеңес берді.
Дәрігердің айтуынша, 50 жастан асқан адамдар ақуыз жетіспеуі салдарынан қартайып, бұлшықеттері әлсіреп, буындарының сыну қаупі артады. Бұл проблеманы болдырмау үшін ол ақуызға бай тағамдарды: балық, ет және құс етін жеуге кеңес берді. Бұл ретте дәрігер қызыл етті аптасына бір-екі реттен артық жеуге болмайтынын түсіндірді.
Сонымен қатар маман ақуызды қартайған сайын қорыту қиындай түседі, сондықтан оны өңдеу үшін алма сірке суы, лимон шырыны, жаңа піскен көкөністер мен шөптер, дәмдеуіштер қажет екенін айтты. Ал жоғары холестеринді азайту үшін ол сарымсақ жеуге кеңес берді.
"Диетаға қабынуға қарсы әсері бар куркума, антисептикалық қасиеті бар қалампыр, қандағы қант деңгейін реттейтін даршын қосу керек", - деп қосты дәрігер.
Қан тамырлары мен жүректі жақсарту үшін тамақ рационына қабығы бар жас картопты, шпинат, ақжелкен және кептірілген өрікті қосқан жөн. Сонымен қатар Янг диетаға күлгін жидектерді қосуды ұсынды: олардың құрамындағы күшті антиоксиданттардың арқасында ерте қартаюдың алдын алуға болады. Жидектер сонымен қатар ми белсенділігін сақтауға және жоғары қан қысымын төмендетуге көмектеседі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!