- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер 40 жастан...
Дәрігер 40 жастан асқан әйелдер неге салмақ тез қосатынын түсіндірді
Гинекологтың айтуынша, осы кезеңде көптеген әйел 6-7 қосымша келі салмақ қосады. Адам ағзасы жыл сайын өзгеретіндіктен, бұл физиологиялық табиғи құбылыс, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Көп әйел жас кезінде "мыстанның зат алмасуымен" мақтанып жүреді. Дегенмен қартайған сайын салауатты салмақты сақтау бәріне қиындай түседі.
Дәрігер Екатерина Волкованың айтуынша, әйелдерде етеккірдің тоқтауынан кейін салмақ қосу түрлі себепке байланысты болады. Ағза қартайғандықтан бұрын салмақты бір орында ұстап тұруға көмектесетін ағзалар жұмысын тоқтатады.
Жағдайды бақылау үшін ағзада не болып жатқанын түсіну маңызды. Репродуктивті жаста дене ағзамыздағы тіндер қантты өңдеуге жауапты гормон инсулинге сезімтал ететін эстрогендерді белсенді түрде шығарады.
Ал эстрогендер тым аз болса, жасушалар қантты қалыпты сіңіре алмайды. Нәтижесінде қандағы глюкоза деңгейі өзгереді. Жағдайды қандай да бір жолмен түзету үшін біздің денеміз қантты майға айналдыруға тырысады. Салдарынан артық салмақ пайда болады.
Салмақты бірқалыпта сақтау үшін тағы бір маңызы бар зат, ол тәбет пен қанықтылық сезімін басқаруға мүмкіндік беретін лептин гормоны. Лептин деңгейі эстрогендермен байланысты, яғни кейбір гормон жетіспесе, басқасында мәселе туындайды. Осылайша, ешқандай себепсіз аштықтан, адам өзі байқамай, шамадан тыс тамақтанады.
Маман мұндай жаста 6-7 келі салмақ қосуды физиологиялық норма деп санауға болатынын атап өтті.
Әрбір әйелдің өмірінің осы кезеңінде жыныстық гормондардың жетіспеушілігін өтейтін механизм іске қосылады. Майлы тін эстрогенді бұрынғы дозада шығара алмайтын аналық бездің жұмысын орындауға кіріседі. Май қабаты тапшылықтың орнын толтырып, жағдайды басқаруға тырысады.
Сондықтан үрейленіп, аштық жариялап, жеген әрбір тағам үшін өзіңізге сөгіс жариялаудың қажеті жоқ. Оданда әйелдің ішкі ағзасының қалай жұмыс істейтінін жақсы түсініп, содан кейін ғана жағдайды ақырын түзетіп, бұрынғы дене бітіміңізді қайтара аласыз.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақ әйелдерінің тағдыры туралы қандай кітаптар бар?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә