35 жастан асқан адамдарға оңай сіңетін ақуызды көбірек тұтыну ұсынылады. Өйткені бұл жаста ағзада бұлшықет массасының жоғалуына немесе саркопенияға байланысты процестер басталады. Бұл туралы терапевт Галина Волкова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "РИА Новостиге" сілтеме жасап.
"Бұл жағдайда біз не нәрсеге баса назар аударамыз? 35 жастан кейін саркопения дами бастайды, бұл адам бұлшықет массасын жоғалта бастағанда болатын жасқа байланысты өзгеріс. Бұл жағдайда ақуыз өнімдерін тұтынуға ерекше назар аудару керек, олардың диетада болуы маңызды", - деді Галина Волкова.
Диетологтың айтуынша, оңай сіңетін ақуызды таңғы ас кезінде, мысалы, жұмыртқа мен сүзбеден алуға болады.
Сонымен қатар, оларды дайындау әдісін ескеру маңызды. Өйткені термиялық өңдеуден өткен сүзбелі құймақ немесе ірімшік көмеші ақуыз емес, көмірсу болады.
"Ал оңай сіңетін ақуызды кешкі немесе түскі ас кезінде алғыңыз келсе, аптасына 2-3 рет қызыл ет, басқа жағдайларда құс еті немесе балық жегеніңіз абзал. Осылайша, мұнда пісіру әдісі де үлкен маңызға ие. Қызыл ет пен құс етінен алынған ақуыз тартылған түрінде жақсы сіңеді. Біз пісіру әдісін таңдаймыз: бумен пісіру, фольга астында қыртыссыз пісіру немесе қайнату", - деді Галина Волкова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!