21 жастан асқан әйелдер жатыр мойны обырына үнемі тексеріліп отыруы керек, ал 40 жасқа дейін сүт безі обырын тексеру үшін ультрадыбыстық зерттеу жеткілікті, кейін маммограммадан өту қажет. Бұл туралы терапевт Андрей Рябков айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "RT" сілтеме жасап.
18 жастан бастап әйелдер ешқандай шағымы болмаса да, жылына бір рет гинеколог кеңесін алу керек. Ал 21 жастан асқандар жатыр мойны обырына тексерілуі керек. Сондай-ақ жыл сайын бой, салмақ, бел шеңбері, қан қысымын тексерген абзал.
Кеуде және жамбас қуысын жыл сайын ультрадыбыстық зерттеу ісікті ерте кезеңінде анықтап, емді бастауға көмектеседі. 40 жастан кейін маммограмма жасау ұсынылады. 35 пен 45 жас аралығында холестерин, қант, липид деңгейін бақылап, маммограмма, ЭКГ, өкпе рентгенографиясы және денситометрия (сүйек тығыздығын талдау) үшін жыл сайын жалпы қан анализін тапсыру қажет.
Шамамен үш жылда бір рет гинеколог кеңесінде қатерлі ісіктің бар-жоғын тексеру керек. 45 жастан кейін жыл сайын жатыр мойны обырын тексеру үшін пап-тест жасау керек, қан анализі арқылы қант диабетіне бейімділікті бағалап, жүрек пен қалқанша безді тексеру керек.
Айта кетейік, бұған дейін қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтау үшін тапсыру керек 4 медициналық талдау хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Наурыз мейрамына арналған тәрбие сағатының жоспары
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!