Әлеуметтік желіде ұстаздар кішкентай баланың мешіт тазалап жүрген еңбегіне велосипед мінгізгені көрінетін видео тарады. Жантебірентер видеода Айдос есімді ұстаз бүлдіршін анасына көмектесіп, тіпті мешіт дәретханасына дейін жуатынын айтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айдос Шарапатбек есімді ұстаз жариялаған видео 3 миллион 700 мыңға жуық қаралым жинаған. Кадрлардан мешіт тазалаған бүлдіршінге риза болған имамдар оған велосипед мінгізгені көрінеді. Ал кішкентай баланың есімі - Мұратбек.
"Мұратбектің анасы үнемі мешіт тазалайды. Білесіздер иә? Мешітіміз таза болып тұратын болса, Мұратбектің соның ішінде 50-де 50 үлесі бар. Тарауыққа шығып бара жатқанда үнемі көретінім - балалар шашып жүргенді жинап жүреді, анасының шаңсорғышына су құйып алып, астына қарай түсіп келе жатады. Біз намаз оқуға кетіп бара жатқан кезде астын тазалау үшін. Біз намаз оқып кеткеннен кейін тағы да артымыздан келіп, бұл тазалап жүреді. Біз істей алмай жүрген нәрсемізді істеп жүр. Сөйтіп, ойландық. Қадір түнінде бір бүлдіршінді қуантсақ деп. Дәретхананы да осы тазалап жүр", - дейді ұстаз видеода.
@aidos.ustaz Мешіт тазалпушы бүлдіршін
♬ оригинальный звук - Aidos.Sharapatbek
Желі қолданушылары кішкентай бүлдіршіннің әрекетіне тәнті болып, жылы лебіздерін жаудырған.
"Алла разы болсын! Салиқалы ұрпағымыз көп болсын!", "Анасын ойлап жүр ғой, бауырым, өмірі ұзақ болсын", "Құдай қаласа ел танитын үлкен азамат боласың, бауырым!", "Көзіме еріксіз жас келді ғой", "Істеріңізге береке берсін! Алла разы болсын!", "Алланың құлы осылай болады! Анасынан дарыған қасиет! Ниеті түзу бала екені көз жасынан көрініп тұр! Осы бала түбі үлкен имам болса екен!", - деп жазған пікір білдіргендер.
Мешіт тазалап жүрген Мұратбек Құранға да түскен. Бұл ынтасын да ұстаздар құр қалдырмай, сыйлық берген.
"Мешіт тазалығы, мектеп дәрістері деген шаруалармен жүрсе де Алланың кітабы Құранға ерекше көңіл бөліп қасиетті айда Құранды өз бетінше оқи алатын дәрежеге жетті. Не деген қайрат десеңізші. Алланың көркем есімдерін де жатқа айтып, сыйлық алды. Құдай қаласа ертең үйлі болуына қор ашамыз. Алла қолдасын!" - дейді ұстаз видеода.
@aidos.ustaz Мешіт тазалығы, мектеп дәрістері деген шаруалармен жүрсе де Алланың кітабы Құранға ерекше көңіл бөліп қасиетті айда Құранды өз бетінше оқи алатын дәрежеге жетті. Не деген қайрат демеңізші. Алланың көркем есімдерін де жатқа айтып сыйлық алды. Құдай қаласа ертен үйлі болуына сбор ашамыз. Алла қолдасын!
♬ оригинальный звук - Aidos.Sharapatbek
Мұратбек ата-анасымен, бауырларымен бірге жалдамалы пәтерде тұрады. Қазір мешіт қызметкерлері олардың үй алуына қор ашқан.
@aidos.ustaz Бұл Мұратбек баламыздың тұрып жатқан жалдамалы пәтері. Құрметті қазақ елі бір ауыздан жұмылып осы бүлдіршіндерге үй алып берсек! 87012799250 Лаура Ш. деп шығады.
♬ оригинальный звук - Aidos.Sharapatbek
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!