Дәретханаға жиі барасыз ба? Дәрігер диуретикалық әсері бар 7 тағам мен сусынды атады

Дәретханаға жиі барасыз ба? Дәрігер диуретикалық әсері бар 7 тағам мен сусынды атады
Фото: pixabay

Уролог-хирург Марк Гадзиянның айтуынша, жиі зәр шығару және оның жеделдеуіне байланысты пациенттер маманның көмегіне жиі жүгінеді. Алайда дәрігер науқасты мұқият тексеріп, денсаулығынан кінәрәт таппаса "қуықтың шамадан тыс белсенділігі" диагноз қойылады. Мәселен Ресейде тұрғындардың 20 пайызы дәл осы ауыруға шалдыққан. Ерлер мен әйелдерге бірдей болатын бұл ауру біздің елде де өршіп тұр. Марк Гадзиян өзінің телеграм арнасында осындай проблемалары бар адамдарға жеуге болмайтын 7 тағамды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап. 

Шай және кофе

Кофеин қуықтың шырышты қабығын тітіркендіреді және диуретикалық әсерге ие. Қуықтың шамадан тыс белсенділігі кезінде кофеині бар энергетикалық сусындардан бас тарту ұсынылады.

Тәтті газдалған сусындар

Дәрігердің айтуынша, қант қосылған газдалған сусындарды тым көп ішуге болмайды. Бұл дәретханаға бару санын арттыруы әбден мүмкін.

Сүт өнімдері

Олар да диуретикалық әсер етуі мүмкін, сондықтан қуықтың шамадан тыс белсенділігі туындамас үшін тұтынатын тағамдар тізімінен алып тастаңыз. Әсіресе сүт өнімдерін кешке қолдануға болмайды.

Алкоголь

Спирттік сусындар диуретикалық әсерге ие болып қана қоймай,шырышты қабықтарды тітіркендіреді және су балансын бұзады.

Өсімдік тағамдары

Кейбір құрамында қышқылдары бар өсімдік тағамдары шырышты қабықты тітіркендіруі мүмкін. Мысалы, мүкжидек, зімбір, алма, құрма, жалбыз және түймедақ.

Қант алмастырғыштар

Сіз олардың диуретикалық қасиеттері бар екенін білдіңіз бе? Бұл барлық дерлік қант алмастырғыштарға қатысты. Соның ішінде калориясыз қолданылатындары тым қатты әсер етеді.

Цитрус жемістері

Цитрус пен фреши де қуықты тітіркендіреді. Бұл ауыр және тез зәр шығаруды тудыруы мүмкін.

Дәретханаға жиі бару ағзадағы су тапшылығының белгісі ме?

Бұл керісінше артық су мөлшерінің белігісі болуы ықтимал. Алайда мамандар бұл жағдайда әсер етуі мүмкін дейді. Диетолог Али Калленнің айтуынша, егер адам дәретханаға жиі барғысы келсе, бірақ аз зәр шығарса, бұл олардың аз емес, көп ішу керек екендігінің белгісі болуы мүмкін. Себебі, бұл жағдайда зәр тым тез шоғырланып, қуықтың шырышты қабығын тітіркендіре бастайды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Зинешов