- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәретханадағы сәбиді шығарып...
Дәретханадағы сәбиді шығарып алу сәті түсірілген эксклюзив кадрлар
КТК телеарнасының тілшілеріне Жамбыл облысындағы жол бойында орналасқан қоғамдық дәретханадан сәбиді шығарып алу сәті түсірілген эксклюзив кадрлар келіп түсті. Құтқарушылар сәбиді алып шығу үшін біраз тер төгіпті.
Құтқару операциясы жарты сағатқа созылды. Бастапқыда ер адамдар әжетхананы қиратпақ болады. Бірақ бетон бұзылмайды. Содан кейін құтқарушыларда сәбиді алып шығудың жалғыз жолы едендегі тар тесік екенін түсінеді. Құтқарушылар бірі сәбиді дәретханадан аман-есен шығарып, оған алғашқы көмек көрсеткен.
Еске сала кетейік, 2016 жылдың 3 қаңтарында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автожолындағы қоғамдық әжетханадан жаңа туған сәби табылған болатын. 8 қаңтарда полицейлер дәретханаға жаңа туған сәбиін тастаған келіншекті тапты. Дәрігерлер нәрестенің шамамен 6 күн бұрын дүниеге келгенін анықтаған.
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін