Дәретхана қағазының пайдасына қарағанда зияны көп. Бұл туралы жапон ғалымдары айтты, олардың сөзінше қағазды бидеге ауыстырған жөн, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәретханаға барғаннан кейін қағазбен сүртінуден гөрі, сумен жуу бірқатар инфекция мен аурудың даму ықтималдылығын төмендетеді. Америкалық хирург Эван Гольдштейннің айтуынша, дәретхана қазағы құрғақ, қажағыш болғандықтан, оны пайдалану дәрет шығару жолдарын жыртып жіберуі мүмкін. Ал қағаздың сапасы төмен болып, оған қоса оны дұрыс қолданбасаңыз, тері тітіркеніп көтеу (геморрой) және өлімге әкеп соқтыратын инфекцияның пайда болуына ықпал етеді.
Ғалымдар дәретхана қағазының берік, сіңіргіш және жұмсақ түрін пайдалануды ұсынды. Сонымен қатар, дәрет жолдарын қатты күш салып сүртпеу керек.
Айта кетейік, бұған дейін көтеудің алдын алу үшін қалай тамақтану керегі хабарланған болатын.
Аурудан сақтану үшін қалай тамақтану қажет?
Тағы да оқи отырыңыздар: Тұсауды кімге кестіру керек?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз