Денсаулық сақтау министрлігі елімізде оқушылар үшін бұйрыққа маңызды түзетулерді енгізуді көздеп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұйрықтың жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Жаңа түзетулерге сәйкес, Қазақстандағы барлық мектептің дәретханасында дәретхана қағазы, сабын, қоқыссалғыш пен есіктерде құлыптар болуға тиіс.
"Мектепке дейінгі даярлық сыныбына баратын балалар үшін унитаздар орнатылады. Объектілерде білім алушылар мен тәрбиеленушілерге арналған унитаздар орналастырылады. Унитаздар жабық кабинада болады, оның есігі жабылады. Объектілердің санитариялық тораптарында унитаздар, қол жуатын раквиналар, қолды жууға және кептіруге арналған құралдар, дәретхана қағаздары, дәрет қағазына арналған ұстағыштар, қоқыс жинауға арналған қоқыссалғыштар орнатылады", - деп жазылған бұйрықта.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!