“Дәріден кем емес“. Артериялық қысымды түсіретін өнім аталды

Northumbria University ғалымдары шие концентратын қолдану қан қысымын төмендететінін анықтады. Бұл жидектің құрамында қабынуға қарсы және антиоксидантты әсері бар пайдалы өсімдік қосылыстары бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі UfacityNews-ке сілтеме жасап.

Ғалымдар қышқыл шие концентратының денсаулыққа әсері жайлы бірқатар зерттеулер жүргізді. Бұл жидек ұйқыны жақсартуға, подагра белгілерін жеңілдетуге және қан қысымын төмендетуге көмектесетіні анықталды.

Зерттеуге гипертонияға шалдыққан ер адамдар қатысты: олар шие сусынын ішу керек болды. Нәтижелер шие сусынын ішкен қатысушылардың қысымының төмендегенін көрсеткен, оның әсері дәрілерден кем емес болған.

Ескерту: өздігінен диагноз қоюға және емделуге болмайды.

Қан қысымының жоғары екенін білдіретін белгілер жайлы мына жерден оқыңыз.

Оқи отырыңыз: Қысымды түсіруге көмектесетін 10 азық-түлік

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз