Дәрібаевтар ансамблінің негізін қалаушы әрі әртісі Ибрагим Дәрібаев 65 жасында өмірден етті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Бекжігіт Сердәлі есімді Facebook қолданушысы хабарлады.
"Қазақ эстрадасында "Жас жұбайлар", "Аман бол", "Оқ сияқты", "Нұрлы арман", "Айтшы жаным", "Сендей болмайды", "Сүйгеніме" сияқты танымал әндерді алғаш кассетамен таратқан Дәрібаевтар отбасылық ансамблінің негізін қалаушы Ибрагим Дәрібаев дүние салды. Бақұл бол, бауырым...", – деп жазды ол.
Дәрібаевтар отбасылық ансамблі – 1990 жылы Шымкент қаласында құрылған. Қазақ эстрадасында алғашқы кассетада таспаланған әндермен елге тез танылды. "Жас жұбайлар", "Аман бол", "Оқ сияқты", "Нұрлы арман", "Айтшы жаным", "Сендей болмайды", "Сүйгеніме", т.б. әндері халықтың жүрегінде қазір де ерекше орын алады. 1991 жылы "Жас Қанат" конкурсының дипломанты. 1993 жылы "Отбасылық" ансамбльдер конкурсының жеңімпазы. Ансамбльдің жетекшісі Ибрагим Дәрібаев.
Ибрагим Дәрібаев – Дәрібаевтар ансамблінің жетекшісі, продюсер. 1959 жылы 11 сәуірде бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгір ауданы Ақбастау ауылында туған. 1977-81 жылдары КазХТИ механика мамандығын оқыды. 2008 жылы Қаскелең музыка колледжін халық аспаптар оркестрі мамандығы бойынша оқыды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!