- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрі-дәрмек қабылдау кезінде...
Дәрі-дәрмек қабылдау кезінде жіберілетін мына 7 қателік оны уға айналдырады
Кейбір адамдар тағайындалған дәріні уақытылы ішуді ұмытып жатады. Дәріні уақытылы ішпеу, оны дұрыс сақтамау секілді қателіктер ауыр салдарға әкеп соқтыруы мүмкін. Өйткені дәрі құрамындағы улы заттар ағзаға теріс әсер етуі де ықтимал. Сондықтан дәрігер Ольга Котельникова дәрі-дәрмек қабылдау кезінде жіберілетін 7 қателікті атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Дәрі-дәрмекті дұрыс қабылдамайды
"Дәрі-дәрмекті қабылдайтын кезде міндетті түрде нұсқаулықты оқып шығу керек, бұл бірқатар салдардың алдын алуға көмектеседі. Жарамдылық мерзіміне қарауды ұмытпаңыз, өйткені дәріні көрсетілген күніне дейін ғана қабылдау керек", - дейді Ольга Котельникова.
Сақтау ережелері бұзылады
Кейбір адамдар дәрі-дәрмекті дұрыс сақтамайды, мысалы, жуынатын бөлмеде немесе ас үйде, көбінесе пештің үстіндегі шкафта тұарды. Бірақ бұл бөлмелерде ылғалдылық деңгейі жоғары.
"Бірқатар дәрі-дәрмекті 2-8 градус жылы температурада, яғни тек тоңазытқышта сақтау керек. Ал егер қораптың сыртында "бөлме температурасында сақтауға болады" деп жазылса, оны құрғақ, салқын бөлмеде жинау керек", - дейді ол.
Қабылдау уақытын қысқартады
Кейбір адамдар дәріні тағайындалған уақытта ішіп үлгере алмаса, келесі де белгіленген дозаны көбейтіп ішеді. Ал бұл дұрыс емес.
"Дәріні қай уақытта, қалай, қанша ішетініңізді өз бетінше шешуге тырыспаңыз. Тағайындалған дәріні тастап кетпеңіз, әйтпесе салдарынан ауруыңыз асқынып кетуі мүмкін немесе тым көп ішіп қойғаныңыздан ағзаға теріс әсерін береді", - деп түсіндірді маман.
Тым көп немесе аз ішу
"Дәрінің мөлшерін өлшеу үшін әдеттегі ас қасықтарды қолдануға болмайды, тек арнайы өлшеуіш ыдысын пайдалану керек", - дейді сарапшы.
Дәрілер шашылып, араласып жатады
Кейбір адамдар үйінде керек емес дәрінің бәрін жинай береді. Алайда дәрігердің айтуынша, алғашқы көмек үшін дәрі-дәрмектің шағын жиынтығы жеткілікті:
- ауырсынуды басатын дәрілер;
- антигистамин;
- диареяға қарсы;
- антисептик;
- жапсырма.
Сонымен қатар, дәрінің жарамдылық мерзімі өткен бойда оны бірден қоқысқа тастау керек.
Дәрілерді араластырып ішу
Дәріні қабылдар алдында нұсқаулықты мұқият оқып, оны қандай дәрімен бірге, араластырып қабылдауға болмайтынын біліп алыңыз.
"Дәріні тек сумен ішу керегі бәріне белгілі шығар. Өйткені олар ағзаға теріс әсерін беріп, жағдайды ушықтыруы әбден мүмкін", - деді ол.
Өзін-өзі емдеуге тырысу
Кейбір адамдар дәрігердің көмегінсіз өзін-өзі емдеуге құмар. Олар өзіне антибиотик, гормондар, қан сұйылтқыш дәрілер тағайындап, ішеді.
"Адамның көпшілігі суықтағанда ішетін аспириннің өзі кейбір адамдардың ас қорыту жолдарына теріс әсер етіп, тіпті асқазан-ішектен қан кеткен жағдайлар да болған", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін аш қарынға, тамақтануға дейін немесе кейін? Дәрі-дәрмек жақсы сіңуі үшін қай уақытта қабылдаған дұрыс екені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жылына неше рет МРТ жасатуға болады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә