Қазақстанда бір жылда фармацевтикалық өнім бағасы 13,3 пайызға өсті, - деп хабарлайды Energyprom.kz.
Дәрі-дәрмек Алматы (17,5 пайызға), Маңғыстау (17,1 пайызға), Ақтөбе (16,7 пайызға), Жетісу (16,2 пайызға) және Жамбыл (14,4 пайызға) облыстарында айтарлықтай қымбаттаған. Ең аз өсім Қызылорда облысында (8,9 пайызға) тіркелген.
Биыл қаңтар мен қазан аралығында еліміздегі дәрі-дәрмек өндірісі құндық мәнде 112 миллиард теңге болған, бұл былтырғыдан 13,2 пайызға аз.
Өңірлер арасында ең көп шығарылым Шымкентке тиесілі, яғни 46 миллиард теңге, оған қоса бір жыл ішінде 10,3 пайыз. Сондай-ақ, үздік үштікке Алматы облысы (31,1 миллиард теңге, жылына 23,4 пайыз) және Алматы (16,2 миллиард теңге, жылына 7,7 пайыз) кірген.
2022 жылдың тоғыз айында Қазақстанға миллиард долларға дәрі-дәрмек импортталған. Физикалық мәнде импорт 17,3 пайызға, ақшалай түрде 25,8 пайызға өскен.
ТМД елдерінен 101,3 миллион долларға 6200 тонна дәрі-дәрмек әкелінген. Негізгі бөлігі Ресейден (4600 тонна, жыл ішінде минус 16,6 пайыз), одан кейін Беларусь пен Украинадан келген.
ТМД елдерінен 900 миллион долларға 12500 тонна дәрі әкелінген. Бұл жеткізушілер ішінде Қытай көш бастап тұр (2600 тонна, жылдық өсім 2,1 есе), одан кейін Германия мен Үндістан тұр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!