Данияр Шаяхметов тректегі велоспорттан әлем чемпионатында күміс медаль иеленді

Данияр Шаяхметов тректегі велоспорттан әлем чемпионатында күміс медаль иеленді
Фото: olympic.kz

Қазақстандық велоспортшы Данияр Шаяхметов тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль иеленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Велошабандоз кейрин бағдарламасында сынға түсті. Ол жеңімпаздан  +0.026 секундқа ғана қалып қойған. 

Осылайша, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 

Айта кетелік, тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі Қытайда өтіп жатыр.

Турнир 21-25 тамыз аралығына жоспарланған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан