Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Данияр Елеусіновке қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот мәліметінше, Е. алкогольдік масаң күйде Астана қаласының көшелерімен көлік басқарып келе жатып, 3 жол апатын жасаған.
Жол қағидаларын бұзу салдарынан жүргізуші:
Жол апаттары салдарынан көліктерге зақым, иелеріне материалдық шығын келген.
Оның кінәсі іс материалдарымен, соның ішінде медициналық куәландыру қорытындысымен дәлелденген. Қорытындыға сәйкес Е.-де алкогольдік масаңдықтың жеңіл дәрежесі анықталған.
Сонымен қатар, оның кінәсі әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалармен, жол апатының сызбаларымен, бейнежазбалармен, оқиғаға қатысушылардың түсініктемелерімен және сотта зерттелген өзге де дәлелдермен расталған.
Е.-нің әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігі бойынша сараланған. Сот отырысында Е. өз кінәсін толық мойындаған.
Сот Е.-ге 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін желіде Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ұсталған сәттің суреті тарады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!