Даниал Ахметов ШҚО әкімі лауазымына қайта тағайындалды

Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Даниал Ахметов 1954 жылы 15 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген.

1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.
Экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының академигі.  

Мансабы:

1976-1981 жылдары - "Павлодар тұрғынқұрылыс" тресінде мастер;

1981–1983 жылдары - Екібастұз қалалық партия комитетінде нұсқаушы;

1983–1987 жылдары - "Екібастұзшахтақұрылыс" комбинатында бас инженердің орынбасары, партком хатшысы;

1987–1991 жылдары - Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары;

1991-1992 жылдары - "Екібастұз энерготұрғынөндірісқұрылыс" трестінің басқарушысы;

1992-1993 жылдары - Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы;

1993-1997 жылдары – Әкімшілік басшысы, Павлодар облысының әкімі;

12.1997-10.1999 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;

10.1999-21.12.2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

21.12.2000-21.11.2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасар;

21.11.2001-13.06.2003 жылдары - Павлодар облысының әкімі;

13.06.2003-08.01.2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;

10.01.2007-17.06.2009 жылдары - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi;

12.2010 жылдан – Экологиялық энергетика саласындағы компанияның басшысы;

2012-11.2014 жылдары – Энергетика және инфрақұрылым министрі;

2014 жылғы 11 қарашада Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!