ШҚО әкімі Даниал Ахметов қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Даниал Ахметов 1954 жылы 15 маусымда Павлодарда дүниеге келген.
- 1976 жылы Павлодар индустриялды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.
- 1976–1981 жылы - "Павлодар тұрғынқұрылыс" тресінде мастер, аға прораб
- 1981–1983 жылы - Екібастұз қалалық партия комитетінде нұсқаушы
- 1983–1987 жылы - "Екібастұзшахтақұрылыс" комбинатында бас инженердің орынбасары, партком хатшысы
- 1987–1991 жылы - Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары
- 1992 жылы бастан - Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы, содан кейін Павлодар облыстық әкімшілігінің басшысы.
- 1993-1997 жылы - Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды.
- 1997-1999 жылы аралығында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.
- 1999 жылы қазанынан Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, бірінші орынбасары болды.
- 2001 жылы қарашадан Павлодар облысының әкімі болды.
- 2003 жылдың маусымынан - Қазақстан Республикасының Премьер-министрі қызметінде болған.
- 2003 жылы Мәскеуде "Қазақстандағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудің аймақтық ерекшеліктері" тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Экономика ғылымының докторы.
- Институтты бітіргеннен кейін құрылыстарда мастер, аға прораб, "Екібастұзшахтқұрылыс" трестінде жетекшілік қызметінде, Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, "Екібастұз энерго тұрғын үй өндіріс құрылысы" тресінің басқарушысы қызметтерін атқарды.
- 2007 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Қорғаныс министрi.
- 2009 жылы ҚР Қорғаныс министрі қызметінен жеке бизнеске ауысты.
- 2014 жылдың қарашасынан бастап ШҚО әкімі қызметіне тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!