Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыс әкімі қызметінде ұзақ отыруына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
12 желтоқсанда Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысы өткен болатын. Отырысқа Мемлекет басшысы да қатысты. Шараға облыс әкімдері де келді. Кулуарда журналистер ШҚО басшысынан облыс әкімі қызметінде ұзақ отыруына қатысты не ойлайтынын сұрады.
"Не үшін шаршауым керек? Сіз өмірден шаршадыңыз ба? Жоқ. Мен де шаршаған жоқпын", - дейді облыс әкімі.
"Бұл қызметте ұзақ отыруыңыздың себебі неде", - деп сұрады журналист.
"Оны Мемлекет басшысынан сұраңыздар", - деді Ахметов.
Айта кетейік, ШҚО әкімі қызметінде отырғанына 8 жыл болды. Ол 2014 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!