• 498.76
  • 490.7
  • 5.73

Дана Орманбаеваның ісімен Интерпол айналысып жатыр - Бас прокуратура

Дана Орманбаеваның ісімен Интерпол айналысып жатыр - Бас прокуратура
Фото: danapartner/Telegram

Журналист Дана Орманбаеваның орналасқан жерін анықтаумен Интерпол айналысып жатыр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бас прокурордың орынбасары оның Қылмыстық кодекстің 174-бабы - ұлттық араздықты қоздыру бойынша іздеуде екенін растады.

Тергеу әрекеттері оның орналасқан жерін анықтауға бағытталған. Бұл жұмыспен Интерпол айналысуда.

"Оған халықаралық іздеу жарияланды, істің басым көпшілігі алаяқтық бабы бойынша. Оның нақты қайда екенін айта алмаймын. Бірақ әлеуметтік желілерде оның БАӘ-ден пікір білдіріп жатқаны жазылды. Бізде әзірге ондай ақпарат жоқ. Тергеу аяқталған соң, сот отырысы өте ма, жоқ па, белгілі болады", - деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Айта кетейік,  Дана Орманбаеваға қатысты қылмыстық іс 2024 жылдың сәуірінде қозғалды. Іске әлеуметтік желілердегі жарияланымдар негіз болды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Бақдаулет