- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дана Нұржігіт тұрмыстық...
Дана Нұржігіт тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткен экс-күйеуіне араша түскен жанды көрсетті
Танымал журналист, тележүргізуші Дана Нұржігіт тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткен экс-күйеуіне қарсы сот ісінде өзін 10 ай бойы қорғаған адвокатты жұртты көрсетті - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол адвокатқа жазба арнап, әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Қайырлы таң, қымбатты оқырмандарым! Таныс болыңыздар! Бұл - адвокат Карпеева Арайлым Қамбарқызы. Астана қаласының адвокаттар алқасы құрамындағы қорғаушы. 10 ай бойы менің адал атым үшін, отбасым үшін күрескен кәсіби біліктілігі өте жоғары маман. Азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істерді де қатар жүргізе білетін адвокат. Мақсұт Нәрікбаев атындағы университет ұстазы.
Өткен тікелей эфирлерде сөз бердім ғой, волонтерлық бастама көтеріп, сіздерден келіп түскен сұрақтарға адвокаттар жауап береді деп… Айттым! Бітті! Орындаймыз!Бүгінгі тақырып: "Сталкинг, кибер-сталкинг"
Егер белгілі, тіпті сізге белгісіз бір адам ізіңізден түсіп, сіз туралы ақпарат жинап, жолыңызды торуылдап, әлеуметтік желіде болсын, off-line болсын өміріңізді бақылап, мазаңызды алып жатса, бұл - сталкинг!
Осыдан қалай қорғануға болады?
Міне, осы сұраққа Арайлым Қамбарқызы менің парақшамда өтетін тікелей эфирде жауап береді", - деп жазған ол.
View this post on Instagram
Тағы да оқи отырыңыздар: «Келешек» бағдарламасы кімдерге арналған?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә