Танымал әнші Қарақат Әбілдина нашақорлыққа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, жақында бір сериал қарап бастаған. Ол нашақорлық туралы, бұл мәселе оны алаңдататынын айтты.
"Нашақорлық - бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Нашақорлыққа көбіне жастар шалдығып жатыр. Мемлекет болып, қолға алатын бүгінгі күннің мәселесі. Бәрі "дәмін татып көрейінші" дегеннен басталады", - дейді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз