Ресей намысын қорғайтын қазақ файтері UFC ұйымында үздік ондықтың қатарына қосыларға дейін бір кездесу өткізіп алмақ, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақ файтері мұндай мәлімдемені Instagram-парақшасында жасады.
Еске салайық, осыған дейін Исмағұлов Абу-Даби қаласында өтетін UFC 280 турнирінде өнер көрсетуге тас-түйін дайын екенін айтты.
"Үздік ондықтағы қарсыласқа қарсы кездесу өткізерден бұрын, жеңілдеу кездесу өткізуді жөн көрдім. Бұл үшін Топурия ыңғайлы үміткер болатын еді. Қалай ойлайсыздар, біраз шулатып жібереміз бе?", - деді файтер.