Қызылорда облысында полиция мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қызылорда облысы Полиция департаменті және Қазалы аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері түйе ұрлаған күдіктілерді қолға түсірді. Биыл ақпанда аудандық полиция бөліміне Әйтеке би кентінің малдары ұрланған тұрғындарынан арыз түскен. Полиция қызметкерлері дереу жедел-іздестіру шараларына кірісіп, арам пиғылдарын жүзеге асырған ұрыларды анықтады.
Тексеріс барысында олар 9 түйені далалық жерде жайылып жүрген жерінен атып, сойып алып кеткені белгілі болды.
"24-30 жастағы қылмыстық топтың мүшелері ұсталып, бөлімнің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақ зат ретінде аңшы мылтығы мен оның патрондары, пышақтар, мал терісі алынды. Қазір күдіктілерге қатысты ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, соталды тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!