Әлеуметтік желіде Маңғыстаудағы кен орындарының бірінде мұнайдың ашық далаға ағып жатқаны туралы видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жайтты түсірген тұрғын жылқылардың мұнай аралас суды ішіп жатқанын айтады.
"Мынау ұңғымадан су бұрқырап шығып жатыр. Жылқылар мұнайға тойып жатыр. Ішінде мал толып жүр. Иісін жұтып жүр. Қаншама үйір жылқы", - дейді бейнежазба авторы.
Иен далада болған оқиғаның нақты қай жерде түсірілгені белгісіз. Редакция экология департаментінен ресми жауап күтіп отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!