- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Даладан тауып алған:...
Даладан тауып алған: Өскеменде отшашу 13 жастағы баланың қолында жарылған
Мереке қарсаңында пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқандарға 40 миллион теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, жаңа жыл кезінде отшашудан зардап шеккендер де көп болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында сауда орындарында 4,5 мыңнан аса рейд жүргізілген. 900-ден аса заңбұзушылық анықталған (2022 жылы 800 дерек). Барлық құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды: оның ішінде 800-ден астамы еркiн сауда жасау заңнамасы бойынша тыйым салынған тауарларды сатқаны үшін, 32-сі пиротехниканы пайдалану тәртібін бұзғаны үшін, 4-еуі пиротехниканы сақтағаны және тасымалдағаны үшін. Бұзақыларға шамамен 40 миллион теңгеден аса айыппұл салынды.
Іс-шара барысында 12 мыңнан аса сертификатталмаған пиротехникалық бұйым тәркіленген.
"Елімізде азаматтар отшашуды пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтамағандықтан, күйік шалған 23 дерек тіркелді, оның ішінде 14 бала бар. Мысалы, Ақтөбе қаласында 26 желтоқсанда көпқабатты үйдің ауласында 16 жастағы жасөспірім пиротехниканы (жарылғыш) дұрыс пайдаланбағаннан көзіне зақым келген. Алматы қаласында 1 қаңтарда түнгі уақытта Ақжар шағынауданында пиротехникалық жарылғыштарды қолдану кезінде сақтық шараларын сақтамағаннан 10 жастағы баланың беті мен қолы күйіп қалды. Осыған ұқсас жағдай Өскемен қаласында 1 қаңтарда болды. 13 жастағы жасөспірім отшашуды тауып алып жаққан, ол оның қолында жарылған, салдарынан бетін және саусақтары жараланған. Бұдан бөлек ересек адамдар күйік алған деректер де тіркелді. Олар мас күйде қауіпсіздік шараларын сақтамай, пиротехникалық бұйымдарды қолданған, салдарынан өздері ғана емес, жанында кетіп бара жатқан адамдар да жарақат алған", - делінген ведомство хабарламасында.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова