Қарағанды және Павлодар облыстарында шыққан өрттен төрт адам зардап шекті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дала өрті 3 мың гектар аумақты шарпып, 4 адамды күйік шалған.
Айта кетейік, өрт Қарағанды облысының Қоянды ауылында құрғақ шөптің тұтануынан шыққан.
Өртті сөндіру кезінде 3 өртсөндіруші мен 1 ауыл тұрғынын күйік шалып, зардап шеккендер Қарағандыға тікұшақпен жеткізілді.
Күндіз өрт Баянауыл ұлттық паркінің аумағына да өтті. Желтау ауылында 18 адам эвакуацияланды. Оның 8-і бала.
Өрт орнында қазір Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов жүр. Жалынды сөндіруге 56 техника мен 4 тікұшақ жұмылдырылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!