- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Дала көрінбей кетсе...
"Дала көрінбей кетсе де жумас едім". 10-қабатта терезе жуған алматылық жұртты шошытты
Әлеуметтік желіде жоғары қабаттағы терезелерді жуып жатқан қыздың видеосы пайда болды. Кадрларда оның ешқандай сақтандырусыз 10-қабаттағы терезенің алдында, тар карнизде тұрғаны көрінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиғаның видеосын депутат Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оның сөзінше, видео Алматыда түсірілген.
"Қалайша өз өмірің ұшін бұлай бейқам болуға болады?", - дейді Дәулет Мұқаев.
Әлеуметтік желі қолданушылары да ең бастысы амандық екенін, сақтандырусыз мұндай қадамға бару қауіпті екенін жазған.
"Арғы жағынан дала көрінбей кетсе де жумас едім", "Баспаналы болғанына қуанып, байқамай сыртына дейін жуып кеткен ғой", "Енесі жуғызып қойған шығар, біз кезінде... деп қойып, өлген жоқпыз деп", "Жазым деген лезде ғой. Өмір бәрінен қымбат, неше түрлі жуатын аппараттар көп қой. Өмірді қиындатпай, сонымен жууға болады ғой", "Ақтөбеде осыдан 10 шақты жыл бұрын көрші келіншек 5-этаждағы балконды жуамын деп құлап, екі баласы жетім қалды", "Ауылдан енесі келе жатыр", "Мен дірілдеп кеттім ғой", - деп жазған олар.
Еске салайық, бұған дейін 17-қабатта терезе жуған астаналық жұртты шошытқаны хабарланған еді. Кейінірек робот терезе жуғыш қызметін ұсынатын астаналық жеке кәсіпкер биікте терезе жуып жүрген қызға іздеу салды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова