Шымкентте 3 жасар ұлымен үйінде отырған қала тұрғыны газдан уланып жатқанын сезген. Үйінен шығуға әлі жетпеген ол соңғы күшімен 102-ге қоңырау шалыпты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына патрульдік полиция полкінің инспекторлары Талғат Ибраев пен Медет Тұрлыбеков жетті. Жедел жәрдем бригадасы да келген.
Тәртіп сақшылары мен медицина қызметкерлері терезені сындырып, баланы сол жерден шығарып алады. Әрі қарай есікті ашып, анасын да дер кезінде сыртқа алып шықты.
"Екеуіне де медициналық көмек көрсетілді. Қазір олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген ведомство хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында 84 жастағы әже құтқарылғаны хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!