“Дәл қазір қажетсің“. Трамп Роналдуға үн қатты

АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубының  футболшысы және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдуға үн қатты. TikTok-та жарияланған видео 1 миллионнан аса қаралым жинаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеода Дональд Трамп Роналдуға үн қатады.

"Роналду, сен – тарихтағы ең ұлы футболшысың. АҚШ-қа керексің. Қазір-ақ жолға шық. Сен бізге дәл қазір қажетсің", – дейді Трамп.

Видео әрі қарай жасанды интеллект көмегімен жасалған әзіл видеомен жалғасады. Онда Трамп пен Роналду доппен ойнап тұрғаны көрсетілген.

@realdonaldtrump

A MESSAGE FROM ONE GOAT TO ANOTHER

♬ original sound - President Donald J Trump

Әйгілі футболшы бұл "ұсынысқа" әзірге жауап берген жоқ.

Еске салайық, жуырда Сауд Арабиясы чемпионатының 22-туры аясында өткен "Әл-Наср" – "Әл-Фатх" матчінде 5 ақпанда 41 жасқа толған португалиялық ойыншы 18-минутта гол соғып, есеп ашқан. Тарихи 1000 голдық межеге жету үшін оған әлі 38 гол керек.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз