Дәл қазір Астанадағы мектептерге қандай мамандар жетіспейді?

Massaget.kz тілшісінің "Жалпы, Астана мектептерінде қандай мамандар тапшы, қандай мамандарға сұраныс жоғары» деген сауалдарына елордалық білім басқармасы былай жауап берді:


"Ұлттық білім беру дерекқорының соңғы мәліметтері бойынша, педагогтардың қажеттілігі 40 штатты құрайды. Оның ішінде, қала мектептеріне ағылшын тілінен сабақ беретін 1 мұғалім керек, информатикадан – 6, тарих пәнінен – 2, қазақ тілі бойынша – 1, математикадан дәріс беретін – 10 мұғалімге тапшылық бар. Сонымен қатар, бастауыш сыныпқа сабақ беретін (орыс тілінде) – 6 педагог, орыс тілінен – 2 маман, физикадан – 4, химия пәнінен – 2 мұғалім, көркем еңбектен 3 мұғалімге зәруміз. Сондай-ақ орыс тіліндегі бастауыш сынып, математика мамандары да тапшы", - делінген ведомство жауабында.


Мектепке қажет мамандарды жұмысқа шақыру үшін білім басқармасы қандай іс-шаралар қабылдайды?
Педагогтарды жұмысқа қабылдау бойынша:
педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы арқылы (Астана қаласы әкімінің гранты (2022 жылы – 1050);
ішкі және сыртқы көші-қон есебінен;
бос орындар жәрмеңкесіне қатысу есебінен;
2000-ға жуық техникалық және кәсіптік білім беру түлектері арқылы мектептер зәру мамандар мәселесін шешуде.


Азамат Қойшығара

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!