“Дәл бұлай егіліп жыламаппын“. Роза Әлқожаны жылатқан қыз кім?

“Дәл бұлай егіліп жыламаппын“. Роза Әлқожаны жылатқан қыз кім?
Фото: instagram.com/roza_alqozha парақшасынан скриншот

Белгілі әнші Роза Әлқожа марқұм досының қызын ұзатып жатып көзіне жас алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші ұзатудағы видеоны жариялап, жазба қалдырды. Ол марқұм Оразалы Досбосынов пен әнші Ажар Түзелбекқызының қызын ұзатқаны белгілі болды. 

"Кеш жарық! Нұр-Айша Оразалықызы Қарағанды, Қарқаралының келіні болды!", - деп әуелі халықтан сүйінші сұраған әнші кейін өнердегі досына берген уәдесін орындағаны туралы жазды. 

"Жүрегім парша-парша болды. Ешқандай ұзатуда дәл бұлай егіліп, төгіліп жыламаппын. Егер анаң мен әкең бар болғанда сен дүркіреген той мен дүбірлі думанның кейіпкері болар ең. "Ешкімді әурелемей, ақырын ғана азаматымның қолынан ұстап кетем" деген екенсің. Оған жұртың көнбей, аз уақытта осылай ұзатуға бел буған. Айшатай, Нұр-Айша, жаным, сен тектінің тұяғысың. Асылдың сынығысың. Біздің досымыздың өзісің, ізісің! Барған жеріңде бақытты бол! Сен соған лайықсың! Ботам, бағың ашылсын! Арманыңа жет! Нұрсұлтан мен Нұр-Айша - Оразалы мен Ажардың Алашқа аманаттап кеткен перзенттері. Сіздер де тілеулес болыңыздар! Жастар бақытты болсын!", - деп жазды ол желіде. 

Айта кетейік, жақында Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, әнін рұқсатсыз орындап, оған қоса өзін автор ретінде белгілемейтіндерге ренжігенін айтқан болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ӘЛҚОЖА РОЗА ӘБДІРАЗЗАҚҚЫЗЫ (@roza_alqozha)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева