Дағыстан Республикасы бойынша ІІМ республиканың бірнеше қаласында жасалған бірнеше террористік актілердің салдарынан алты полиция қызметкері қаза тапқанын хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазіргі уақытта, 6 полиция қызметкері қаза тауып, 12 адам жараланды. Содырлар ұсталып жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.
Полицейлер шабуыл жасалған шіркеудің діни қызметкерлері қаза тапқанын растады.
Республикада жедел штаб құрылды. Ресейдің ұлттық Терроризмге қарсы комитеті Дағыстанда терроризмге қарсы операция режимі енгізілгенін хабарлады: республикаға кіру және шығу жабық.
Құқық қорғау органдары екі содырдың өлтірілгенін де хабарлады.
Ресейлік Telegram-арналарының мәліметінше, Дербент көшелерінде атыс қайта басталды.
Қала тұрғындарынан үйде болуды, есіктерді жабуды және терезелерге жақындамауды сұралды.
Махачкала мен Дербентке шабуыл жасағандар - халықаралық террористік ұйымның жақтаушылары, деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Тағы да оқи отырыңыздар: Адам қанша градус ыстыққа шыдай алады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!