- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дағыстанда белгісіз біреулер...
Дағыстанда белгісіз біреулер синагога мен шіркеуге шабуыл жасады
Дағыстанда белгісіз біреулер шіркеу мен синагогаға шабуыл жасады. Дағыстанның құқық қорғау органдары бір қызметкердің қайтыс болғанын растады. Тағы алтауы жарақат алды. Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдын ала мәліметтер бойынша, шабуылдар Махачкала мен Дербентте болған. Basa Telegram-арнасының мәліметінше, Дербенттегі шіркеу мен синагогаға шабуыл кезінде кем дегенде екі адам қаза тапты. Қаза тапқандардың бірі - синагогадан шыққан азамат. Полиция қызметкері де қаза тапты. Белгісіз адамдар полиция қызметкерлеріне оқ жаудыра бастаған.
Сондай-ақ, арна Махачкалада Ермошкин көшесіндегі синагога өртеніп кеткенін хабарлады. Бұл Дербенттегі шіркеудің шабуылына байланысты ма, жоқ па белгісіз.
Кейінірек Махачкаладағы синагога толығымен өртеніп кеткені туралы ақпарат пайда болды. Белгісіз адамдар оны өртеп, полициямен атысқан. Алдын ала үш қызметкер қаза тауып, алтауы жараланды, деп хабарлайды Mash Telegram-арнасы.
"Қазіргі уақытта бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны анықталып жатыр", - деп хабарлады Дағыстан Республикасы бойынша ІІМ.
Сондай-ақ, Махачкаладағы көшелердің бірінде атыс жалғасып жатқандығы туралы хабарланды.
Ресейдің ұлттық Терроризмге қарсы комитетінің (ҰАК) соңғы мәліметі бойынша, Дербент пен Махачкалада екі православиелік ғибадатханаға, синагогаға және жол-патрульдік қызмет бекетіне қарулы шабуылдар жасалды.
Ресейдің Тергеу комитеті Дербент пен Махачкаладағы шабуылдардан кейін "террористік акт" бабы бойынша іс қозғады.
Кейінірек Baza Telegram-арнасы белгісіз адамдар Ресей мен Абхазия шекарасында атыс ашқанын хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқандар мен жараланғандар бар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қансоқта деген қандай тағам?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә