Дағдарыс орталықтарына 6,5 мың әйел мен бала жіберілді - ІІМ

Дағдарыс орталықтарына 6,5 мың әйел мен бала жіберілді - ІІМ
Фото: depositphotos.com

Ішкі істер министрлігінде өткен кеңейтілген алқа отырысында биылғы қорытындылар жарияланды. Министр Ержан Саденов тұрмыстағы зорлық‑зомбылықпен күреске жеке тоқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Министрлік кейінгі жылдары алдын алу тәсілін түбегейлі жаңартқанын атап өтті.

  • зорлық‑зомбылықты ерте кезеңде анықтап, оның алдын алуға басымдық берілді;
  • денсаулыққа жеңіл зиян келтіру мен ұрып‑соғу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді;
  • сондай‑ақ, тұрмыстағы зорлық‑зомбылыққа қарсы іс‑қимыл жөніндегі мамандандырылған бөлімше құрылды.

Есептік кезеңде 70 мыңнан аса қорғау ұйғарымы шығарылып, құқықбұзушыларға 16 мыңнан аса мінез‑құлыққа қойылатын ерекше талаптар белгіленді. Дағдарыс орталықтарына 6,5 мың әйел мен бала жіберілгені хабарланды.

ІІМ басшысы кейбір өңірлерде әрекет ету қарқыны баяу екенін айтып, учаскелік полиция қызметінің жұмысын күшейтуді тапсырды. Қорғау ұйғарымдарының орындалуын қатаң қадағалау және зардап шеккендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізгі міндет ретінде айқындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget