Цифролог Айсұлу Құралбаева келесі жылы әлем халқын не күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2023 жылы "дағдарыс және хаос" жылы болды. Өте көп адамдар депрессия мен стреске ұшырайды. Енді Сюцай ғылымы бойынша сегізінші жыл басталады. Онда еңбек еткен адам жетістікке жетеді. Адамдар өзінің санасын жетілдіруге тиіс. Тек ақшаның соңынан қуалауды қоюы керек. Одан бұрын өзін-өзі танып алғаны абзал. 2024 жылы бүкіл жерде тәртіп орнайды, мұны сақтамаған адамға қиын болады. Бұл жыл адамдардан соны талап етеді", – дейді Айсұлу Құралбаева.
Жасұлан Ордабаев
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!