- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дабылдан қорықпаңыз! Елімізде...
Дабылдан қорықпаңыз! Елімізде жер сілкінісіне қатысты оқу-жаттығу басталды
Елімізде жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар бойынша ауқымды оқу-жаттығу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жер-2023" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қазақстандық республикалық азаматтық қорғау қызметтерінен басқа, түркі мемлекеттері ұйымы елдері: Әзірбайжан, Венгрия, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан төтенше ведомстволарының авариялық-құтқару қызметтері қатысады.
ТЖМ
Құтқару қызметтерінің бірлескен іс-қимылдарын әзірлеу мен үйлестіруге арналған республикалық штаб Алматыда орналасқан.
Оқу-жаттығудың мақсаты - мемлекеттік органдар мен азаматтық қорғау күштерінің жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылға дайындық деңгейін, жалпы қауіпсіздік мәдениетін арттыру, қала тұрғындарын төтенше жағдайларда әрекет етуге үйрету.
ТЖМ
"Сейсмикалық қауіпті өңірлердің тұрғындарымен сейсмикалық жаттығулар өткізіледі. Тұрғындардың белсенді қатысуын сұраймыз", - делінген хабарламада.
"Жер-2023" оқу-жаттығу екі күнге созылады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек