COVID-19-ға қарсы екпе алғаннан кейін антиденелер тері арқылы басқаларға таралатыны рас па?

COVID-19-ға қарсы екпе алғаннан кейін антиденелер тері арқылы басқаларға таралатыны рас па?
Фото: Тұрар Қазанғапов

Танымал қазақстандық Telegram-арналарда ғалымдар COVID-19-ға қарсы екпе алған адамдарда антиденелер қалыптасады және олардың тері арқылы басқаларға таралатыны дәлелденгені туралы ақпарат таралып жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Коронавирусқа антиденелердің осылайша берілетіні туралы теориялар Желіде 2022 жылғы мамырда осы тақырыптағы ғылыми зерттеудің предпринті жарияланғаннан кейін пайда болды. Ол "SARS-CoV2-ге тән гумораль иммунитеттің аэрозоль тасымалдануының дәлелі" деп аталады. Осы уақытқа дейін еңбекке рецензия берілмеген және ол ешқандай беделді ғылыми журналда жарияланбаған, бұл тәжірибені өткізу әдістері мен дәлелдерінің дұрыстығына күмән туғызады.

Сонымен қатар, зерттеуде антиденелердің тері арқылы берілетіні туралы жазылмаған. Авторлардың айтуынша, олар дем шығарған кезде сілекеймен бірге бөлініп шығады. Зерттеу бойынша, COVID-19-ға антиденелер вакцинацияланған адам күні бойы тағып жүрген маскадан бөлініп алынады. Кейін антиденелер екпе салдырған ата-анасымен бірге тұратын вакцинацияланбаған балалардан табылған. Алайда еңбек мәтінінде зерттеуге қатысқан балалардың COVID-19-бен бұрын ауырған-ауырмағаны көрсетілмеген. Сондай-ақ, әрбір нақты жағдай бойынша антиденелер титрі жоқ. Балаларда антиденелер вакцинацияланған ата-аналарының жанында болудың нәтижесінде қалыптасқаны туралы гипотеза дәлелденбеген.

Жалпы екпе алған адамдар екпенің кейбір компоненттерін бөліп шығаратыны туралы теорияларды вакцинаға қарсы адамдар COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау басталғанда-ақ айтқан. Оны фактчекерлер мен ғалымдар бірнеше рет жоққа шығарды.

Таралған хабарламаның авторы сүйеніп отырған зерттеуден жағдай өзгермейді. Біріншіден, бұл рецензияланбаған препринт. Екіншіден, еңбекте көрсетілген деректер вакциналанған адамдардың антиденелер бөліп шығаратынын растау үшін жеткіліксіз. Үшіншіден, бұл зерттеуде антиденелердің тері арқылы бөлініп шығатыны туралы жазылмаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек