Coldplay концертінде қарым-қатынасы әшкере болған директор қызметінен кетті

Coldplay концертінде қарым-қатынасы әшкере болған директор қызметінен кетті
Фото: Видео кадры

Америкалық Astronomer IT-компаниясының бас директоры Энди Байрон Coldplay тобының концертінде әріптесімен бірге "камераға" түсіп қалғаннан кейін бірнеше күн ішінде қызметінен кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.

Компанияның LinkedIn желісіндегі хабарламасында Astronomer директорлар кеңесі Байронның отставкасын қабылдағаны және жаңа бас директорге бос орын пайда болғаны айтылған. Қазір оның міндетін Astronomer компаниясының негізін қалаушылардың бірі әрі өнімдер жөніндегі директоры Пит Деджой атқарып жатыр.

"Astronomer құрылған сәттен бастап ұстанып келе жатқан құндылықтар мен мәдениетке берік. Басшыларымыздан мінез-құлық пен жауапкершілік тұрғысынан үлгі болу күтіледі, алайда кейінгі уақытта бұл стандарттар сақталмай келеді", – делінген мәлімдемеде.

Жақында әлеуметтік желілерде Байрон мен Astronomer кадрлар бөлімінің директоры Кристин Кэбот түскен бейнежазба тарап кеткен. Видеода олардың Фоксборо қаласында (Массачусетс) өткен Coldplay концерті кезінде сахнаға қарап құшақтасып тұрған сәті бейнеленген. Олар үлкен экранда көрсетілгенін байқағанда, бір-бірінен ажырап, бет-әлпетін көрсетпеуге тырысты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от COMPLEX (@complex)

Байронның Меган Керриган есімді әйелі бар. Ол - мұғалім, олардың екі баласы бар. 19 шілдеде Astronomer директорлар кеңесі ресми тергеу бастаған. Байрон компанияны 2023 жылдан бері басқарып келсе, Кэбот бір жылдан кейін қосылған. Екеуі де бұл видеоға қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget