- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Чипстер мен газдалған...
Чипстер мен газдалған сусындар - 32 ауру мен қатерлі ісікке себеп
Ультра өңделген тағамды көп мөлшерде тұтыну қатерлі ісік, жүрек және өкпе аурулары, психикалық бұзылулар және өлімді қоса алғанда, 32 аурудың қаупінің жоғарылауына әкеліп соқтырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі health.mail.ru-ға сілтеме жасап.
Елдің есін алған ақпаратты BMJ журналында жарияланған зерттеу көрсетті. Ультра өңделген тағамдарға пісірілген өнімдер мен жеңіл тағамдар, газдалған сусындар, қантты жармалар және бірнеше өнеркәсіптік процестер арқылы өндірілетін басқа да дайын тағамдар жатады. Олардың құрамында жиі бояғыштар, эмульгаторлар, дәмдеуіштер және басқа да қоспалар болады. Сондай-ақ олар көбінесе май мен тұзға бай, бірақ талшық пен витаминдер өте аз. Көптеген алдыңғы зерттеулер мен мета-талдаулар ультра өңделген тағамдарды денсаулықтың нашарлығымен байланыстырды.
Жаңа жұмыста зерттеушілер 14 жоғары сапалы шолуды және 45 мета-анализді талдады. Барлық мақалалар соңғы үш жылда жарияланған. 10 миллионға жуық пациент қатысты зерттеуге. Ешқайсысын ультра өңделген азық-түлік компаниялары қаржыландырмаған.
Талдау көрсеткендей, ультра өңделген тағамдарды көп тұтыну өлімге әкелетін жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупінің шамамен 50 пайызға, алаңдаушылық және басқа психикалық бұзылулардың 48-53 пайызға жоғарылауы, 2 типті қант диабеті қаупінің 12пайыз жоғарылауы, 21 пайыз кез келген себептерден болатын өлім қаупі, семіздік қаупі 40-66 пайзыға өсті.
Зерттеулер ультра өңделген тағамды жейтіндердің денсаулығының нашарлығы майдың жоғары деңгейіне немесе холестериннің төмен деңгейіне байланысты болуы мүмкін деп болжайды. Бірақ дәлелдер шектеулі. Авторлар олардың талдауы себеп пен салдарды дәлелдемейтінін, бірақ салауатты тамақтану әдеттерін насихаттауға күш салатынын атап өтті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Зинешов