Алаяқтық жасаған күдікті Черногориядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстанның Черногориядағы елшілігінің көмегімен ірі көлемде ақша ұрлады деген күдікпен түрік азаматын экстрадициялады.
Тергеу барысында күдікті құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, 2022-2024 жылдар аралығында жалған келісімшарттар жасап, үлестес ұйымдар арқылы Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің құрылысына арналған 6 миллиард теңгеден аса қаражатты жымқырғаны анықталған.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.
"2025 жылы наурызда ол Черногорияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!