Черногорияда ер адам кафеде атыс ұйымдастырып, жеті адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі RTCG порталына сілтеме жасап.
Черногорияның Цетине қаласындағы дәмханалардың бірінде атыс болып, салдарынан жеті адам қаза тапты. Оның екеуі кәмелетке толмағандар.
Басылымның мәліметінше, аты-жөні анықталған қарулы 45 жастағы ер адам оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция оны іздеп жатыр. Күзет қызметі елорда тұрғындарын сақ болуға шақырады.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, кафелердің бірінді кикілжің туып, төбелеске ұласқан. Одан кейін сондағы ер адамның бірі қару алып шығып, оқ жаудырған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз